АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев: мұнайлы аймақта неге жалақы аз?[:]

[:kz]

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу барысында мұнай-кен орындарындағы жерасты ресурстарының бостан-босқа далаға кетіп жатқаны туралы айтып, шара қолдану қажеттігін жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта аймақтағы мұнай-газ өндіретін орындардағы сұйық отынның шығарылу үдерісі бақылауға алынған. Бірақ әлі күнге дейін оның орынын толтыру жөнді жолға қойылмай келеді. Жедел түрде ресурстық базаны кеңейту шараларын жүргізу керек», — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған мұнай шұңқырларына заманауи технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қажет.

Президент, сонымен қатар, аймақтағы орташа айлық табыс көлемінің республикалық орташа есеппен салыстырғанда өте төмен екенін айтты.

«Бұл мәселені бір күнде немесе бір айда шеше алмаймыз. Мен оны түсінемін. Бірақ жағдайды өзгерту керек. Аймақтағы жалақы мөлшерін көбейту – билік пен облыс әкімдігінің басты мақсаты», — деді ол.

«Қамшы» сілтейді

[:]