АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев Трамп және әйелімен кездесті (фото)[:]

[:kz]

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

 
 
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының ресми іс-шаралары аясында АҚШ Президенті Дональд Трамппен қысқа кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Американың кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуды жалғастыра беретінін атап өтті.

 

[:]