[:kz]Тоқаев ұстаздар жалақысын 2 есе өсіруді тапсырды[:]

[:kz]

 

 

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Президент конференцияның пленарлық отырысы кезінде ұстаздардың жалақысын екі есе өсіруді тапсырды. 

«Педагогтар мәртебесін арттыру мақсатында 4 жыл ішінде ұстаздардың жалқаысын екі есе арттыруды тапсырамын. Заң мен сәйкес шарттар мұғалімдердің өмірін барынша өзгертеді деген ойдамын. Үкіметтің міндеті – барлық қабылданған нормалардың тәжірибе жүзінде іске асуын қамтамасыз ету», — деді Тоқаев. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып жатқан шараға елдің түкпір-түкпірінен келген 2 мыңнан астам ұстаз қатысып жатыр. Олардың ішінде мектеп, колледж мұғалімдері мен ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар. 

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы үздік ұстаздарды марапаттады. 

[:]