[:kz]
Алматылық мектеп оқушысы мемлекет басшысына хат жазып, балаларға демалуға уақыт беруді сұрады. Сондай-ақ, ол мектеп бағдарламасынан «қажетсіз» пәндерді алып тастауды өтінді деп жазады Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президентке хат жолдаған Ғалымжан есімді оқушы бірінші оқу тоқсанынан кейін балалар аз демалатынын айтып, каникулды 10 күнге дейін ұзартуды сұрады.
Одан бөлек, жеткіншек қиын әрі «қажетсіз» сабақтарды, атап айтқанда, «Жаратылыстану» мен «Өлкетану» пәндерін алып тастауды өтінді.
Барлық талаптарын хатқа түсірген мектеп оқушысы енді президенттің жауабын асыға күтуде.
Баланың ата-анасы мемлекет басшысына хат жазу туралы шешімді Ғалымжанның өзі қабылдағанын айтады. Ал пікірін қағаз бетіне түсіруге ағасы көмектесіпті.
Нәтижесінде мектеп оқушысының жолдауы желіде пайда болды
[:]