[:kz]
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің келіссөздері, Форумның жалпы отырысы сындарлы әрі салиқалы сипатта өтті.
Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық Форумы іскерлік бағытта өткенімен, кездесулерде достық ниет айқын көрініп тұрды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің келіссөздері, Форумның жалпы отырысы сындарлы әрі салиқалы сипатта өтті. Екі елдің көшбасшылары талқыланған барлық мәселелер бойынша бір пікірде болды, ортақ шешімге келді», — дейді Берік Уәли.
Оның айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген ерекше құрметі мен ілтипаты оның Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салғанынан анық байқалған.
[:]