[:kz]
Өткенде Тоқаевтың Петербургтегі сөзін қойылым деп отырғандар, бүгінгі КТК-ні жауып тастағанына сауап болыпты деп жатыр. Бұларға не керек екенін түсінбедім…
Негізі ниеті дұрыс емес адамдар. Айтса қойылым дейді, айтпаса, мебель, томар дейді. Мейлі, десін. Дауым жоқ.
Бұлардың КТК магистраль желісін үзіп тастағанына сауап болыпты дегеніне таң қалып отырмын. Елге дұшпандық ниеттегі сөз бұл.
Тоқаевтың Петербургтегі сөзі қойылым емес. Егер қойылым болса, КТК-ны үзіп тастамас еді. КТК біздің әртараптанбаған, тек қана шикізат көзіне байланып тұрған экономикамыздың рычагі.
Тоқаевтың сөзінен кейін Ресейдің тарапынан Қазақстанға қарсы талай құйтұрқы әрекеттер орын алды.
Мұнайды экспорттау мәселесі өте күрделі дүние. Жуық арада өзге жолмен шешіле қоймайды. Экспорт тоқтап тұрғанда, талай қондырғылар мен ұңғымалар жұмысының режимі бұзылып, сан түрлі қиындықтар туындайды. Айқайдың көкесі сонда болады. Дайын ұңғымалардың жұмыс режимі бұзылса, өнімділігіне де, экспортқа да зияны тиеді.
Жуық арада жұмыс тоқтап, мұнайшылар ереуілдетсе, кім жауап береді?
Біз фейсбукте тек қана сөйлей аламыз.
Бекболат ҚАРЖАН
[:]