АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Токио Олимпиадасында Қамшыбек Қоңқабаев бокстан қола жүлдеге ие болды[:]

[:kz]

 

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы америкалықтан жеңіліп қалды. Сөйтіп, Қазақстан қоржынына төртінші қола медальды салды. 

 

Жойқын соққыларын да шебер орындай білді. Қарсыласы да қарап қалған жоқ. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі америкалық боксшыға жоғары ұпай берді. Ал екінші раундтың соңында Қоңқабаев нокдаунға түсіп қалды. Үшінші раундта екеуі ашық бокстасты. Бірақ қазақстандық спортшы ештеңе өзгерте алмады. Қатты жарақат та алып қалды. Содан дәрігер жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Осылайша, Қоңқабаев қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетері, алғашқы жекпе-жекте Қоңқабаев мысырлық Есри Мостафа Резкты 5:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін ширек финалда ресейлік боксшы Иван Верясовтан басым түсіп, жартылай финалға шықты. 

Токио Олимпиадасында бір қазақстандық боксшы жарыс жолынан шықпай келеді. Кеше Сәкен Бибосынов (52 келі) испаниялық Эскобар Маскунаноны жеңіп, жартылай финалға шықты.

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.

[:]