[:kz]
10 жылға сотталған атышулы бизнесмен Мұратхан Тоқмадидің шыны зауыты жұмысшыларына өткен жылдан бері жалақы төлемеген. Кәсіпорынның отызға жуық жұмысшыға қарызы 20 миллион теңгеден асып жығылады. Құзырлы органдарға шағым түсіріп, тіпті сот жалақыны төлеп беру туралы үкім шығарса да орындалмай келеді екен. Зауыттың қазіргі қожайыны жалақысын талап еткендерге «түкіргенім бар» деп жауап беріпті.
Несиелерін төлей алмай қарызға белшеден батқан зауыт жұмысшылары біздің арнадан көмек сұрады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Әйгілі шыны зауытының қызметкерлері 2018 жылдан бері жалақы алмаған. Кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы берешегі 25 миллион теңгеден асып жығылады. Ең азы 400 мың болса, кейбір қызметкерлерге 2 миллион теңге берешек. Бірақ зауыттың жаңа басшылығы қарыздан құтылуға асықпайтын көрінеді. Жұмысшылар өткен жылдың желтоқсан айынан бері зарыға күткен ақшаларын талап етті.
ЕРІК ТІМЕТОВ ӘЙНЕК ЗАУЫТЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: “Маған да қарыз. Маған 120 000 қарыз негізі. Мен де тосып отырмын. Инвесторлар құдай бұйыртса алады. Алса бәріміздің жауабымызды жауып береміз деп отыр”. МАҚСАТ ДАСТАНОВ, ӘЙНЕК ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: “Анда-санда аванс беріп алдап қояды. Бірақ әр айлықтан қалып-қалып жиналып жатыр. Пенсионный Мұратхан жабылғалы тоқтатып тастады. Бірақ офис как положенно ұстап жатыр пенсионканы. Осы уақытқа дейінгі істегендегі бірақ начисление болып жатқан жоқ”.
Кәсіпорын мамыр айына жұмысын тоқтатып, барлық қызметкерлерін мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа жіберген. Жалақыларын ала алмаған қызметкерлер барлық құзырлы органдарға шағым түсіріпті. Бірақ, мардымды жауап ала алмаған. Тіпті сот та жалақыны төлеп берсін деген шешім шығарған. Алайда сот орындаушылары шешімді орындаудан бас тартыпты.
РУФИНА ШАХМУРАТОВА, ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: “Бір рет қандайда бір адамдармен келді. Біз әріптесім екеуміз ішінде станоктарды сатып жатырсың ба, ақшамыз қайда деп едік, дөрекі түрде сендердің барлығыңа түкіргенім бар деп жауап қатты”
ВИКТОРИЯ КОВАЛЕНКО, ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: “Біз қаңтар айынан бастап барлық органдарға жүгіндік.
Еңбек инспециясы, прокуратура ұжымдық шағым түсірдік. Не мардымды жауап не әрекетті байқамадық”. Ал зауыт басшылығына телефон шалғанымызбен жауап бермеді. Кәсіпорын аумағына күзетшілер аттап бастырмады. Еңбек инспекциясының мамандары қызметкерлердің шағымы бойынша ескерту жасағандарын жеткізді. Енді сотқа жүгінбек.
БАХТИЯР АБЗАЛ , МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ: “Бүгінгі таңда сол нұсқаманы орындау бойынша бақылау-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
нәтижесінде материалдар сотқа берілетін болады. Сонымен қатар бүгінгі таңда сол ЖШС ұжымының коллективті арызы түскен болатын”. Естеріңізге сала кетсек атышулы «шыны көролі» Мұратхан Тоқмәди 2 жыл бұрын «ақша боссалады, өзгенің мүлкін иеленді» деген күдікпен қамауға алынып, 3 жылға сотталған болатын. Өткен жылы «бұрынғы Тұран әлем банктің топ-менеджері Ержан Тәтішевті өлтірді» деген күдікпен 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Содан бері зауыттың қалі мүшкіл күйге түсіпті
Еуразия бірінші арнасы
Гүлнұр Жақсылықова
[:]