[:kz]
Токио Олимпиадасында еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали әкесінен қымбат көлікті сыйға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалына түрік балуанына бір ұпай айырмашылығымен есе жіберді. Осы орайда, аталған белдесуге төрелік еткен қазылардың барлығы жазаланып, біреуі жарыстан шеттетілді. Себебі, түркиялық Сүлеймен Караденизбен өткен белдесуде төрешілер Әлішердің бірнеше әдісін есепке алмай, кейбір әдістерін дұрыс бағалаған жоқ. Аталған салмақта ресейлік Абдулрашид Садулаев чемпион атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол финалда өзінің ежелгі қарсыласы Кайл Снайдерді жеңді. Ал елге жүлдесіз оралған балуанның көңілін көтеру үшін туыстары ерекше тосынсый дайындады. Атап айтар болсақ, Әлішердің әкесі ұлын үлкен құрметпен қарсы алып, оған су жаңа «Infinity» көлігін сыйға тартқан.
«Сен қазақ елі үшін чемпионсың! Сен соңына дейін күрестің! Енді сен тек алға басып, тоқтамауың қажет. Сен ұтылған жоқсың, чемпионсың!», — деді балуанның әкесі. Айта кетелік, Токио Олимпиадасында қола медаль алған спортшылардың басым бөлігіне көлік кілті табысталуда.
Бүгінге дейін Сәкен Бибосынов, Нұрислам Санаев, Игорь Сон, Елдос Сметовке жерлестері мен жанашырлары су жаңа көлік кілтін ұстатты. Токио Олимпиадасында Қазақстан командасы сегіз қола медаль иеленді.
Спорттың 5 түрінен атлеттер жүлдегерлер тізіміне енген.
[:]