[:kz]
Qamshy.kz редакциясына Алматы облысы Ұзынағаш ауылында тұратын, 4 баласын жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана хабарласты. Индира Досжанова балаларын қараусыз қалдыра алмайтындықтан, қазіргі уақытта жұмыссыз. Балалардың әкесі отбасын тастап кеткен, ешқандай көмек көрсетпейді екен. Әлеуметтік жағдайы төмен, пәтер жалдап тұрып жатқан Индира халықтан көмек сұрайды.
Отбасының ай сайын алатын жәрдемақысының құны 9000 теңге көлемінде. Әрине, бұл әйелдің бір баласын киіндіруіне де, тіпті, балаларына азық-түлік алуға да жетпейтін қаражат. Пәтерге төленетін ақша мен көмірге, азық-түлікке, балалардың киім-кешегіне кететін қаражаттан басқа да шығындар көп. Әйелдің балаларының төртеуі де қыз: 6, 7,12,14 жастағы бүлдіршіндер жергілікті мектепке барады. Жалғызбасты ананың қыздарын мектепке, қысқа қалай дайындайтынын ойлау тіпті ауыр.
«Көмір бітіп бара жатыр. Көмір алуға, азық-түлікке қаражат керек…Қандай көмек болса да, ризамыз»,-дейді Индира.
Қандай да бір көмек көрсете алатындар болса, мына нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз: 87471585024- Индира Досжанова;
Халық банк: 4402 5735 4721 7671;
ИИН 751104401533 Досжанова Феруза;
[:]