АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Төтенше жағдай кезінде Алматыдағы ірі сауда орталықтары қалай жұмыс істейді[:]

[:kz]

Қазақстанда COVID-19 коронавирусына байланысты бүгін таңғы 8-ден бастап төтенше жағдай енгізіледі. Бұл режим тура бір айға созылады. KAZ.NUR.KZ дәл осы уақыт аралығында ірі сауда ойын-сауық орталықтарының қалай жұмыс істейтінін анықтады.

Төтенше жағдай кезінде Алматыдағы ірі сауда орталықтары қалай жұмыс істейді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сонымен, Esentai Mall сауда ойын-сауық орталығы өз жұмысын тоқтататын хабарлады. Алайда орталықта дәріхана, ақш айырбастау нүктесі, авто тұрақ және көлік жуу қызметі жұмыстарын қалыпты режимде жалғастыра бермек. Кинотеатрлар, ресторандар мен бутиктердің қызметі уақытша тоқтатылған.

Сейфуллин-Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан Mega Park сауда-ойын сауық орталығында тек кинотеатрлар мен балалар алаңқайы ғана жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Басқа супермаркеттер, дәріхана, банк бөлімшелері, химиялық тазалау мен ателье бұрынғы қалыпты режимде жұмыс істейді. Дегенмен киім дүкендері мен тамақтану аймақтарының жұміс істейтіні-істемейтіні белгісіз.

 
 

Розыбакиев көшесінде орналасқан Mega Center-де дәл осындай режимде жұмыс істемек.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Оған сәйкес, ірі сауда объектілерінің, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне уақытша шектеу қойылған.

 

[:]