[:kz]
АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы ықтимал химиялық шабуылға президент Путин, Ресей мен Иран жауапты деп мәлімдеді.
«Сирияда көп адам, соның ішінде әйелдер мен балалар химиялық шабуыл құрбаны болды. Бұл зұлымдық жасалған ауданды сириялық армия қоршап, өзге елдердің куәгерлерінен жабық ұстап отыр. Президент Путин, Ресей мен Иран Асадтың тағылығын қолдағаны үшін жауапты…», — деп жазған Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына.
Many dead, including women and children, in mindless CHEMICAL attack in Syria. Area of atrocity is in lockdown and encircled by Syrian Army, making it completely inaccessible to outside world. President Putin, Russia and Iran are responsible for backing Animal Assad. Big price…
Трамп «Сирия президенті Башар Асадқа жасаған зұлымдығы аса қымбатқа түсетіні» туралы мәлімдеген деп хабарлайды «Америка дауысы».
Рим папасы Франциск сәуірдің 8-і күні Сирияда улы газ қолданылған шабуылды қатаң айыптады. «Соғыстың жақсы я жаманы жоқ, және де қарусыз адамдарға қарсы жаппай қырып-жою құралын қолдануды еш нәрсемен ақтауға болмайды», — дәп мәлімдеген жексенбіде Ватиканда діни жоралғыны өтеу кезінде папа Франциск.
«Сириядан ондаған адамдар құрбан болған шабуылдар туралы сұмдық хабарлар түсіп жатқан» шақта Рим папасы саяси және әскери жетекшілерден «бейбітшілік әкелетін дара жол — келіссөз жолын таңдауды» талап еткен.
.azattyq.org
[:]