АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Трамптың «қанға боялған басы» мемлекет басшылығын шулатты (ФОТО) [:]

[:kz]

 

592e4400cd0990530-kathy-griffin-graphic-donald-trump-head-cut-off-tyler-sheilds-9Жақында Дональд Трамптың қанға боялған басы түсірілген суреттер мен видеолар БАҚ арасында тарап біраз дау туғызды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. TMZ басылымы АҚШ президентінің басын ұстаған тележүргізушінің суреттерін жариялаған. CNN телеарнасының жүргізушісі Кэти Гриффин фотограф Тайлер Шилдспен фотосессия өткізіп АҚШ президентінің «кесілген» басының макетімен суретке түскен. Мәліметтерге сүйенсек, фотограф Тайлер Шилдс осындай әрекеттерімен танымал болған. Сонымен бірге, тележүргізуші фотосессиядан кейін олардың заң алдында жауап беруі мүмкін екендіктерін айтып, ондай жағдайда Мексикаға көшіп кетеміз деп қалжыңдаған. Қазіргі кезде осы мәселеге байланысты АҚШ-тың құпия істер жөніндегі қызметі тексеріс жүргізуде. Шолушы: Назерке МҰСА

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/19696

[:]