АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Туған күнінде анасының аяғын сүйген Ердос Қанаев қызу талқыға түсті (видео) [:]

[:kz]

«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев анасының аяғын сүйіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Анасына құрмет көрсеткен әнші видеосын Instagram парақшасына жүктеген деп жазады NUR.KZ.

Видеода әнші анасының аяғын жуып отыр.«Бүгін «Дүние есігін аштым» деп қуанып жатырмыз ғой. Бірақ бұл өмірге өздігімнен келе салмаппын. Раббым дүниеге келуімді осы бір кішкентай жан арқылы қалаған екен. Бұл жан мені тоғыз ай он күн қиналып көтерді. Одан кейін екі жыл емізді. Жыласам бірге жылады. Күлсем балаша қуанды.

Айта берсем бұл жанның маған жасамаған жақсылығы қалмаған екен. Енді келіп, түк болмағандай «бүгін менің туған күнім» деп өзімді салып қоя салуыма болар еді. Бірақ барлық құттықтауға лайық осы жан екен. Біздер үшін тілім-тілім болған аяғын мен сүймесем, кім сүйеді? Өзі өмірге алып келген баласынан осындай жақсылық көре алмаса, біздің кім болғанымыз?», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің әрекетін көрген соң, көзіне еріксіз жас алғанын жарыса жазды.

«Алла разы болсын», «Керемет», «Көзіме жас алдым», «Аналарымыз аман болсын» деп пікір білдірді желідегілер.

  

[:]