АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Туған сіңлісі Гауһардың арызданушыдан алған ақшасын қайда жұмсағанын айтты[:]

[:kz]

Туған сіңлісі Гауһардың арызданушыдан алған ақшасын қайда жұмсағанын айттыГүлнар Әлімбекова: Егерде әпкем сонша қаржыны өзіне алып қалған болса, неге өзіне жағдай жасап алмайды?

Гауһар Әлімбекованың туған сіңлісі Гүлнар Әлімбекова журналистерге сұхбат беріп, әнші қауымның әпкесін құтқаруға кіріскенін қолдап жүгіріп жүр. Оның сөзінше, әнші әпкесі алаяқтарға алданып қалған, деп жазды «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасы.

«Кінәсі жоқ. Бұл жерде 1000 теңге де жеген жоқ. Егер ол ақшаны өзіне алатын болса, неге көлік, баспана алып алмайды? Я болмаса жағдайын жасап алмайды?Гауһар жай ғана ақшаны алды, ұлы Тимурмен бірге кеңсеге тапсырады. Бір компанияға.

Болды. Гауһардың мұнда қатысы жоқ. Ордабаева өзінің мойнына алып отыр ғой. » Біздің компания алды, құжаттар тіркелді» деді. Бірақ түбіне келгенде жалған болып тұр ғой”, – дейді  Гүлнар Әлімбекова.

Ал алғашында Гауһарды қолдап концерт ұйымдастырамыз деген шоу-бизнес өкілдері ол ойларынан айнып қалған сыңайлы. Ақбота Керімбекованың атына ашылған банк картасына еріктілердің барлығынан ақша жинауға кіріскен.

Ал әншілер шама шарқынша кім қанша бере алады, сол қаржыны қосатын болып шешіпті. Ал екі күннің ішінде 900 АҚШ доллары жиналыпты.

 

kyn.kz

[:]