АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тұрғындар «барахолкадағы» автотұрақ бағасының шарықтап кеткеніне шағымданды[:]

[:kz]

Алматының «барахолка» базарындағы автотұрақтың бағасы қымбаттап кетті. Бұл туралы жергілікті саудагерлер айтып, Almaty.tvтілшілеріне шағымданды деп жазады Алаш Айнасы басылымы 

Олардың айтуынша, автотұрақтың құны 40 пайызға дейін шарықтаған.

Бұл әсіресе күн сайын сол маңайға көліктерін тастап, жұмыстарына кететін жұртқа тиімсіз болып отыр. Қымбатшылыққа қынжылғандар тұрақ бағасының тұрақсыздығы қалтамызды әбден жұқартты дейді.

«Менің атым – Салтанат, «Ялян» базарына тауарға келемін, әрі кетсе жарты сағат тұрады көлігім, бірақ сонын өзінде 300 теңге төлеуге мәжбүрмін», – дейді базарға келушілердің бірі.

Ал екінші бір қала тұрғыны мұндағы басты проблемалардың бірі – паркоматтардың ақшаны дұрыс қабылдамайтыны дейді. Айтуынша, ол тек 500 теңгелік пен темір монеталарды ғана қабылдайтын көрінеді. Ал көбіне қалтада ұсақ ақша болмай, оны іздеп жүріп те, уақыт кетеді және үнемі бұл жерде көлік тығыны болады дейді.

«Егер таңнан кешке дейін тұрсаңыз, мұнда 900 теңге төлеуің керек. Мұнымен күресуге де күшіміз қалмай барады. Сондықтан, Жетісу ауданының әкіміне осы автотұрақтардың құнын барынша арзандатса деп арызданғымыз келеді. Мынадай төлеммен базар аралап та жарытпайсың», – дейді базарға келуші.

Бұл сауалдарға алдағы бейсенбі сағат 19:35-те Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев тікелей эфирде өтетін «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында жауап береді. Аудан тұрғындары мазалаған сұрақтарын қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, WhatsApp мессенджері арқылы жазбаша, аудио және бейне жазба ретінде жіберсе болады. Сонымен қатар, тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар.

alashainasy.kz

 

[:]