АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Туристер сирек баратын мемлекеттердің тізімі жасалды[:]

[:kz]

Туристер сирек сапарлайтын мемлекеттердің алдыңғы қатарында Полинезияда орналасқан Тувалу елі тұр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Daily Mail порталы хабарлайды.

Дүниежүзілік туристік ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, Тувалу 2016 жылы небәрі 2000-ға жуық турист қабылдаған. Екінші орында Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Карибати Республикасы аталды. Өткен жылы бұл мемлекетке 4000 турист келген.

Туристер үшін танылмаған келесі мемлекеттер – Сан-Томе мен Принсипи. Орталық Африкада орналасқан аралдық мемлекетке өткен жылы сегіз мың қонақ барған. Төртінші орында Монтессарт пен бесінші орындарда африкалық Комора мемлекеттері шықты.

Сондай-ақ, ондыққа Африкадағы Джибути, Сан-Марино, Азиядағы Шығыс Тимор, Африкадағы Лихенштейн мен Сьерра-Леоне елдері кірді.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын әлемдегі туризм саласы дамыған мемлекеттердің рейтингі анықталған.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2017 жыл бойынша туристік саласы жақсы дамыған ел – Испания деп танылды. Одан кейінгі орындарға Франция мен Германия жайғасты. Сонымен қатар, топ-10 елдің қатарына Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Италия, Канада және Швейцария енді.

Ресей бұл тізімде 43-орынға, ал Қазақстан 81-орынға жайғасты.

Сонымен қатар, әлемнің әсем табиғатқа ие 136 елі бойынша рейтинг жасалды. Рейтинг жасау барысында елдерде мекендейтін жануарлардың, өсімдіктердің, табиғи қорық аймақтарының, экологиялық өңірлерінің және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы объектілерінің саны ескерілген.

Бұл көрсеткіш бойынша Бразилия көш бастап тұр. Одан кейінгі орындар Мексика мен Коста-Рикаға тиесілі. Топ-10 елдердің қатарынан Перу, Қытай, Аустралия, Таиланд, Танзания, Испания және АҚШ-ты көруге болады.

Көршілес елдерден Ресей 39-шы, Тәжікстан 80-ші, Украина 115-ші орындарды иеленеді.

Ал Қазақстан бұл тізімде 92-ші орынға тұрақтады. 

«Қамшы» сілтейді

[:]