АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Түркі армиясын құрамыз!»: Түркия мен Әзербайжан келісім жасасты[:]

[:kz]

 

Әзербайжан, Түркия және Пәкістан парламенті басшылары үшжақты кездесу өткізді.

Түркия парламентінің басшысы Мұстафа Шентоп Гянджада өткен баспасөз мәслихатында Әзербайжанмен біріккен армия құру туралы келіссөз жүргізілгенін мәлімдеді деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Біздің идея – бір ұлт, екі мемлекет. Әрқашан солай болады. Осыған байланысты көптеген келіссөз бен уағдаластықтар жүргізілді», — деді Мұстафа Шентоп.

Түркия парламенті басшысының айтуынша, уағдаластық аясында екі елдің әскери оқу-жаттығулары да өткізілуде. Анкара мен Баку мұндай шешімге Армения мен Әзербайжан шекарасында жиі туындайтын атысқа байланысты барып отыр.

Еске салайық, 27 шілдеде Бакуде Әзербайжан, Түркия және Пәкістан парламенті басшылары үшжақты кездесу өткізіп, жиын қорытындысы бойынша Баку декларациясына қол қойды.

[:]