АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында әйелімен жанжалдасқан азамат өз үйін өртеп жіберген [:]

[:kz]

 

Түркістан облысында әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Бәйдібек АПБ дерегіне сүйенсек, полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, 4 бөлмелі үйін күйеуінің қасақана өртегенін жеткізген. Үй ішінде тұрмыстық заттармен қоса, алтын бұйымдар болған.

Оқиға салдарынан жәбірленуші 3 000 000 теңге шығынға батқан. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлімі «Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Ақпарат алысымен бәйдібектік тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Тез арада іске кірісіп, оқиғаның қалай болғанын анықтады. Ақырында ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушілік туындағаны белгілі болды. Содан түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған азамат мас халде үйге өрт қойған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. 

 

[:]