АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркістан облысында медициналық қолғаптың сапасын сынаған хирург жұмысынан айырылды[:]

[:kz]

Түркістан облысы Келес ауданы Абай атындағы аурухананың хирург дәрігері Қайрат Сейдуалиев медициналық қолғаптың сапасын сынға алып әлеуметтік желіге видео жариялаған болатын, Көп ұзамай хирург қызметінен босатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сейдуалиев ота жасауға берілген медициналық қолғаптардың киюге жарамсыз, тез жыртылып қалатынын айтып әлеуметтік желілерде видео жариялаған. Ол аурухана басшылығы бұл олқылықтардың орнын толтырады деген үміті болғанын жасырмайды. Алайда, көп ұзамай дәрігердің жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

Бұл ақпаратты Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі де растап отыр.

7 жыл бойы ауруханада қабылдау бөлімінде меңгерушілік еткен дәрігер «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан екен. Ал Абай ауруханасының бас дәрігері Аида Бексұлтанқызы медициналық қолғаптардың сапасыз екенін әшкерелеген хирургті жала жапты деп отыр.

Онымен қоймай, бас дәрігер жұмыстан шығарылған хирургті жеңілтек, әріптестерімен қарым-қатынасы нашар екенін жеткізген. «Абай ауруханасының хирургі қызметін атқарған Сейдулиев Қайрат Әкімқожаұлы жеңіл мінезді, тез ашуланғыш дәрігер.

Осы жылдың ақпан айында тәртіптік ескерту берілсе, 30 наурыз күні науқастың шағымы бойынша қабылдау бөлімі меңгерушісі қызметінен хирург дәрігер қызметіне ауыстырылған.

 

 Нұр-Сұлтанда науқастар өз-өздерін емдей бастады Медициналық резеңке қолғап туралы жалған мәлімет таратқан. Өйткені, қолғап туралы емхананың басшылығына, аға мейірбикеге өтінім бермеген. Жеңілтек мінезімен видео түсіріп әлеуметтік желіге салып жіберген. Денсаулық сақтау министрлігі бас санитариялық дәрігерінің медициналық мекемелерде аудио, видео жазбаларына тыйым салынғанын қатаң ескертуіне қарамаған. Осы жіберілген кемшіліктерді негізге ала отырып, жеке еңбек дауларын қарау комиссиясының бір ауыздан қабылдаған шешімімен жұмыстан шығарылды», — дейді бас дәрігер Аида Бексұлтанқызы.

Ал хирург дәрігер өз іс-әрекеті үшін жұмыстан босатылуының қаншалықты заңды екенін білмей отырғанын айтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдайтын үкімет», «халықты тыңдаңдар, медициналық мекемелердегі былықтарды жойыңдар, айтыңдар» дегеніне мен Келес аудандық Абай ауруханасындағы мамандандырылған емхананың хирург бөлмесінде аурухана басшылығы тарапынан берілген сапасы жағынан өте төмен бір реттік стерильді емес қолғаптарды видеоға түсіріп фейсбук желісіне салғаным сол еді, бас дәрігер А.Бексұлтанованың 30 маусым күнгі бұйрығымен жұмыстан шығарылдым.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Шындықты айтқан дәрігер жұмыстан шығарылды! Түркістан облысы “Абай” Келес ауданындық ауруханасының дәрігерін бүгін жұмыстан шығарыпты! Біздегі жемқорлықты ашып көрсетуге болмайды! Жыртық қолғапты көрсетіп, аурухананың былығын ашқаны үшін дәрігерді жұмыстан шығара салу, проблемадан құтылу болып табылмайды! Алайда Түркістан облысында проблеманы осылай шешеді! Халық қайдан білсін дәрігерлердің басында не болып жатқанын егерде осылай ашық көрсетпесе!? Біз естуші мемлекетпіз , тек қана естіп емес жемқорлықты көріп, нәтиже шығаруымыз керек! Онсызда дәрігер тапшы уақытта, дәрігерді жұмыстан шығара салу әділдік емес! Дәрігер Кайрат Сейдуалиев жұмысқа қайта алынсын! Қолдаңыздар ағайын!

Публикация от Айгүл Орынбек (@aigulorynbek_)

Мұның қаншалықты заңды екенін өзім түсінбей отырмын», — дейді Сейдуәлиев. Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз

https://kaz.nur.kz/1863072-trkistan-oblysynda-medicinalyk-kolgapty-sapasyn-synagan-hirurg-zmystan-bosatyldy.html

[:]