[:kz]
Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды, — деп хабарлайды Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған
ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстады. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Аймаққа «Қазавиақұтқару» АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалуда. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін жоғалған үш турист аман табылса, екеуінің мәйіті табылған болатын. Сонымен қатар, туристерді іздеуге Өзбекстан тарапы да тартылды.
[:]