АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Түркістан облысының тұрғыны таңғы жетіде қыз ұзату өткізген[:]

[:kz]

Түркістан облысында таңғы жетіде той өткізгендер ұсталды. Карантин талаптарын бұзғандарды анықтау үшін әкімдік дрон қолданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қарабұлақ ауылының тұрғыны таңғы сағат 7-де 150-ге жуық адамды жинап, той өткізген. Мерекелік шараның ерте өткізілгеніне қарамастан той ұйымдастырушысы жауапқа тартылыпты. 

 

Әкімдік өкілдері той туралы хабарды белгісіз біреу әкімнің өзіне жеткізгенін айтады. Мониторинг тобы көрсетілген мекенжай бойынша келген, алайда бұл жерден ешкімді таба алмапты. Алайда дронның көмегімен айналаны бақылап шығуды ұйғарған олар қыз ұзатудың басқа жерде өтіп жатқанын анықтаған. Өз кезегінде әкімдіктегілер ұшқышсыз ұшу аппараттары заңбұзушылыққа жол бергендерді анықтау үшін жиі қолданылатынын атап өтті. Тойға келгенде үйлеріне тарқасып, ал басқосуды ұйымдастырған айыппұл арқалады. 

[:]