АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ТҮРКІСТАН – ОТЫРАР: ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ САНЫН 5100 БАСҚА КӨБЕЙТУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ[:]

[:kz]

Отырар аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Абай Құрман «Nur Otan» партиясының канвассинг кездесулері аясында Шәуілдір ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Мырзахмет Темірбековтің үйіне барып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуде алдағы бес жылға айқындалған сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары сөз болып, ауыл шаруашылығы саласындағы ағын су, мал басын арттыру, тыңайған жерлерді игеру мәселелері әңгімеге арқау болды.

Жалпы ауданда инвестицяларды тімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Шәуілдір суландыру алқабындағы 12 мың га жер асты суын төмендету мақсатында 368 шақырым коллектор дренаж және 55 шақырым Шәуілдір бас коллекторын, 5 шақырым Көкмардан коллекторын жөндеуге, Шәуілдір толықтыру каналын су көтергіш станциясын қайта құру жобасын іске асыруға, Қарғалы ауыл округінің тұрғындары үшін ауыл шаруашылығына байланысты ағын су мәселінің шешілуіне, ірі қара малдың санын 10 %-ға немесе 5100 басқа көбейтуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есеге өседі.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек еткен қария партияның сайлауалды бағдарламасына сенім артып, алдағы сайлауда «Nur Otan» -ға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

 

[:]