[:kz]
Түркияда төреші «Гиресунспор» — «Кечиоренгюджю» арасындағы кездесуді ойынның11-минутында уақытша тоқтатты. Бұған ауызашар уақыты себеп болған деп хабарлайды championat.com. Қысқа мерзімді үзіліс кезінде қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған футболшылар ауыз ашып, жеңіл тамақтанған.
Айта кетейік, ораза тұту — исламдағы бес парыздың бірі. Қасиетті Рамазан айы 30 күнге созылады. Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады. Еске салсақ, биыл қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталды және 12 мамырға дейін жалғасады. 13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні. Биылғы пітір садақаның мөлшері 420 теңге.
Сондай-ақ, биылғы Рамазанда Алматы мешіттерінде жамағатпен бірге намаз оқылмайды. Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың сөзінше, бұған коронавирус індеті себеп. Оның айтуынша, Рамазан айында айтылатын уағыз-насихаттар мен көпшіліктің сауалына жауап беру онлайн режимде өтеді.
[:]