АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түркияның оппозициялық партия жетекшілері қамауға алынды [:]

[:kz]

 4716f9bf97023b36383862bd5fa26b2a_xlТүркия оппозициялық партия жетекшілері қамау Түркияда күрдтерге жақтас, оппозициялық «Халықтар демократиясы партиясының» тең төрағалары — Фиген Юкседаг пен Селахаттин Демирташ қамауға алынды. Сонымен қатар осы саяси ұйымнан атынан сайланған тағы 14 депутат ұсталды. Олардың арасында Түркия парламентінің вице-спикері Первин Булдан бар. Саясаткерлер лаңкестік әрекетке қатысты қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылады. Қамауға алу шаралары елдің шығысындағы Анкара, Мардин, Диярбақыр қалаларында бір мезетте іске асты. Билік бұған дейін «Халықтар демократиясы партиясын» «Күрдістанның жұмысшы партиясымен» байланысы бар деп бірнеше рет айыптаған еді. Ал мұның алдында ел президенті Режеп Тайып Ердоған конституцияға өзгеріс енгізіп, парламент мүшелерін артықшылығы бар айрықша құқықтан айырған еді. Бұған прокуратураның өтініші себеп болған. Пікір қалдырыңыз

24.kz

Фото: Türkiye Gazetesi

[:]