АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ауғанстанда әуе соққысынан 30 тұрғын қаза тапты [:]

[:kz]

bez-nazvaniya-3Ауғанстанның Құндыз провинциясында НАТО әскери ұшақтары тәліптерге әуеден соққы жасап, 30 бейбіт тұрғын құрбан болды. Тағы 25 адам жарақат алды. Қаза тапқандар қатарында балалар мен әйелдер де бар. Қайғылы оқиға үкімет жасақтары мен халықаралық коалиция күштерінің тәліптерге қарсы арнайы операциясы кезінде болған. Қарулы топтың соңына түскен жауынгерлер қарша бораған оқтың астына қалып, әуеден соққы беруді сұраған. Шайқаста ауғандық 3 сарбаз бен америкалық 2 жауынгер оққа ұшты. Бейкүнә тұрғындардың өліміне әкеліп соққан шабуылға қатысты тексеру жүріп жатыр.

24.kz

[:]