[:kz]
Сынған тіс, көгерген дене, тігілген тері. Бұл қорқынышты фильмнің желісінен алынған сөздер емес, бұл еліміз түрмелеріндегі жазасын өтеушілердің көрген қорлығы. Соңғы бес айдың өзінде абақтыда жатқан жүзге жуық азамат, колония қызметкерлерінен таяқ жеп, қысымға ұшыраған. Кейбірі тіпті сөйлеуден қалып, енді бірі мүгедек арбасына таңылған деп хабарлайдыЕуразия бірінші арнасы.
Сынған тіс, көгерген дене, тігілген тері. Бұл қорқынышты фильмнің желісінен алынған сөздер емес, бұл еліміз түрмелеріндегі жазасын өтеушілердің көрген қорлығы. Соңғы бес айдың өзінде абақтыда жатқан жүзге жуық азамат, колония қызметкерлерінен таяқ жеп, қысымға ұшыраған. Кейбірі тіпті сөйлеуден қалып, енді бірі мүгедек арбасына таңылған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Олардың арасында әйелдер де бар. Сіз дәл қазір жайлы баспанаңызда, жақындарыңызбен жаңалық көріп отырсаңыз, еліміздегі түрмелерде сотталушылардың бірі қанжоса күйде ессіз, енді бірі моральдық қысымның кесірінен өзіне қол жұмсауда.
Олардың арасында әйелдер де бар. Сіз дәл қазір жайлы баспанаңызда, жақындарыңызбен жаңалық көріп отырсаңыз, еліміздегі түрмелерде сотталушылардың бірі қанжоса күйде ессіз, енді бірі моральдық қысымның кесірінен өзіне қол жұмсауда.
«Көп шу шығарсаң, үш қызыңды да өлтіреміз!».
Петропавлдық Бақыт Ысқақова жазықсыз жазаланып, түрмеге тоғытылған інімнің құқығын қорғаймын деп, өз басым қауіпке ұшырап отыр, дейді. Інісі Фархат Ысқақов пен оның достарына 2017 жылы көшеде белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасаған. Сол кезде өзін және достарын қорғамақ болған Фархат сот процесіне бастапқыда куәгер ретінде қатысып, кейін басты айыпталушыға айналып шыға келіпті. Тергеу кезінде бауырын көрмек болып барған әпкесі інісінің бет-жүзін көріп, танымай қалғанын жасырмады.
«Бет-аузы домбығып кеткен інім маған қолындағы бет орамалын берді. Матаға қою қызыл қан әбден сіңіп, оны сыққан кезде жерге біраз сұйықтық ақты. Еш кінәсі жоқ адамды солай ұрып-соғып, айып тағу масқара емес пе?! Мен оның кінәсіз екенін дәлелдеймін, қағаз жүзінде маған уәде бермей-ақ қойыңыздар! Іспен дәлелдеңіздер! Белгісіз біреулер шу шығарғаным үшін әлеуметтік желілер арқылы «қыздарыңды өлтіреміз» деп хат жазады. Мен көшеге шығуға да қорқамын» – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Бақыт Ысқақова.
Жасұлан Сүлейменов 1997 жылы сол аяғынан жарақаттанып, шұғыл операция үстеліне жатқызылған. «Жығылғанға жұдырық», ота жасалғаннан кейінгі жазатайым оқиғадан соң сегіз жылға бас бостандығынан айырылыпты. Бір емес, бірнеше абақтыға түсіп , көрмеген азабы қалмапты. Жер бетіндегі тозақ Петропавлдағы түрмеде басталды дейді.
«КНБ ең бірінші қабылдаған кезде, аяқтарымнан тепті, остеомелит ашылды. Мен өзім бірінші топ мүгедегімін. Біз ООН-ға жаздық. ООН өз үкімін шығарды. Азап көргенімізді дәлелдеді. Қазірге дейін ООН-ның шешімі орындалған жоқ» – дейді Астана қаласының тұрғыны Жасұлан Сүлейменов.
Теріскейдегі түрмеде мүгедектерге жағдай жасалмаған болып шықты. Жоғары қабатқа баспалдақ арқылы арбамен көтерілмек болған азамат, талай мәрте шалқасынан құлап, басын жарыпты. Ал колония қызметкерлерінің ауыр соққыларынан аяғы іріңдеп, өміріне қауіп төнген.
«Біреуі итереді, біреуі тартады. Қаншама рет мені құлатты?! Баспен соғылдым. Қанша коляскам сынды сонымен» дейді Астана қаласының тұрғыны Жасұлан Сүлейменов.
Ал Юлия Онуфриецтің азапты күндері Петропавлдағы абақтыда өткен. Еліміздің солтүстігінде орналасқан түзету мекемесі тозақ орнына айналғандай. Жас кезінде есірткінің кесірінен есінен айырылып, қылмысқа барған әйел өз жазасын өтеп жатқан мекеменің қызметкерлерінен таяқ жеген. Соққының салдарынан үстіңгі тісінен айырылып, аузы қисайған. Осы жылдың 28 наурызында бостандыққа шыққан азаматша, көрген қорлықтарының есесін қайтармай, тынышталмаймын дейді.
«Түрменің үш қызметкері мені аяусыз ұрып-соқты. Мұны сол колонияда қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан 50 адам растай алады. Мен шағымымды Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Мұқышевқа жеткіздім. Ол менің қағаз жүзіндегі арызымды папкасына салып алды да, көзден ғайып болды. Аймақтың әділет басқармасының подполковнигі Бексұлтановтан көмек сұрадым. Ол мені қайтара Мұқышевқа жіберді. Бұл бітпейтін шырғалаң! Ақиқат жоқ! Шындықты қайдан іздерімді де білмеймін» – дейді тұрғын Юлия Онуфриец.
Еліміздегі түзету мекемелері мен қатаң тәртіптегі түрмелерде жазасын өтеп шыққан жандардың жанайқайы мұнымен бітпеді. Бірі темір тордың әр жағында ағасының жаны қиналып жатқанын айтса…
«Осы жолы барғанымда қатты арықтап кеткен және оны ұратынын, берген тамақтарын тартып алатынын айтты. Ол өзі ештеңе жаза алмайды, өйткені жазса, арызын алып жыртып тастайды» – дейді Астана қаласының тұрғыны Есенгүл Халтай.
Енді бірі түрме қабырғасында тылсым күйде көз жұмған інісін жоқтап келген.
“Біз оны аман алып қала алмадық, ол көз жұмды. Не болды деп сұрадым. Сұйықтық ішіп өлді дейді. Қазір мерекелік күндер, егер мәйітті алып кететін болсаңдар телефон соғыңдар деді» – дейді Астана қаласының тұрғыны Ксения.
Арыз-шағымдар айтылды, жантүршігерлік деректер жария болды. Жағаларын ұстаған журналистер залда отырған Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Төремұратов пен аталмыш министрліктің Жеке бас қауіпсіздігі бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметовке сұрақтарды қарша боратты. Бірақ, қол астындағы мекемелерде болып жатқан жантүршігерлік жайттарды естіген олар, есеңгіреп қалды ма, әлде жауап беруге қысылды ма, әйтеуір көп күттірді.
«Жауап, жауабымды бере салайын. Жалпы көтерілген мәселелер, жалпы айтылған нәрселер, жай қалмайтын нәрселер. Шешім қабылдауға тырысамыз» – дейді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Төремұратов.
Жауабын аяқтай сала, Заң бойынша қандай шаралар қолданылатынын баптармен, түрлі тармақтармен түсіндірмек болған төраға орынбасарының сөзін еліміздегі атышулы адвокат Айман Омарова бөлді.
Бірер ай бұрын АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамптың қолынан сыйлық алған Айман Омарова, журналистердің сұрағына жауапты тұлғалардың не себепті нақты жауап бере алмайтынын айтып кетті.
«Сіздің сұрағыңыз нақты қойылған сұрақ! Оған мына кісілер нақты жауап бере алмайды! Неге десеңіз, бұл мәселе он жылдан асқан, 15 жылдан асқан, 20 жылдан асқан. Совет заманынан бері келе жатқан мәселе. Екінші мәселе камера. Как только пытки, камеры нет. Ал корреспонденция ше? Корреспонденция екінші мәселе. Шағым жазар болса, корреспонденция өтпейді. Оны қорлайды!» – дейді адвокат Айман Омарова.
КСМ: Қоғам белсенділерінің бірі түрмедегі реформаға түрен салу керек десе, енді бірі жазасын өтеушілерге арналған жүйені тұтастай өзгерту керек дегенді алға тартады. Бүгін жабық мемекемедегі жаға ұстатарлық деректерді алға тартқан жандар, өз Отанымызды азаптау аймағына айналдырмауды сұрады.
Дереккөз: Stan.kz
[:]