АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Түрме вице-министр көзімен»: Суханбердиева қамауда отырған сәтінде кітап жазған[:]

[:kz]

Суханбердиева осы уақытқа дейін өзіне балалардың қамқоршыларынан, жетімдерден және көпбалалы жанұялардан сәлемдемелер мен бандерольдар келгенін атап өтті.

«Мен қатты таңданып отырмын, сіздерге алғысым шексіз. Блогерге, журналистерге.

Осы 34 күннің ішінде кітап жаздым-ол жақында жарыққа шығады. «Түрме вице-министр көзімен». Бұл әйелдер түрмесі жайлы бірінші кітап. Автобиография емес, өте қызықты кітап. Ол жақта бәрі болады, бітіп қалдым.

Тек әдеби түзеулер енгізу керек. Қазір ресейлік және шетелдік БАҚ өкілдері қорғаушыма шығып жатыр, бірақ ол бірінші Қазақстанда болады», — деді Суханбердиева.

Ол баспасөз конференциясын шақыруға және оның соттарын жария еткен барлық журналистерге кітабын беруге уәде берді.

«Менің эфирге шығып, бәрін түсіндіруіме сұраныс көп түсіп жатыр. Бірақ, мен балаларымды қатты сағындым», — дейді ол.

Айта кетейік, күні кеше сот Суханбердиеваға алты млн теңге айыппұл салды. Бұрынғы вице-министр Жоғарға сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

 

[:]