[:kz]
Ақтөбеде қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде қойдың ысталған құйрық майының ішіне мұқият жасырылған ұялы телефон және 2 sim-карта тәркіледі.
Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы Е. В. есімді азаматша «Қарақшылық» бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған.
– Азаматша Е. В. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791, 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.
[:]