[:kz]
«Футбол қайдан дамысын, ақшаның бәрі жемқорлардың қалтасына кетіп жатса?! Ауылды жерлерде спорт мектептері, мәдениет үйлері жоқ елден қандай жеңіс күтіп отырсыңдар? Министр Ақтоты ханымның айтуынша, «ауыл, аудандар спорт мектебін, мәдениет үйін салғаннан көрсеткіштері өспейді екен. Аудандарда өндіріс орнын ашсаң ғана, әкімдердің көрсеткіші өседі екен. Сол себепті, әкімдер балаларға спорт мектебін, мәдениет үйін салғанша, өндіріс орындарын салғандары тиімдірек».
Ал отыз жылдың ішінде мына ел не өндіріп қарық қылды? Жүзден астам зауыт ашылып, миллиард қаржы құйылып, Елбасы лентасын қиып кеткен соң жабылып қалған өндірістерден елге не пайда келді? Одан да сол өндіріске жұмсаған қаржының тең жартысын ауылдық спорт мектептеріне салғанда, әлемді өндіріспен бағындырмасақ та спортпен, мәдениетпен бағындырар едік!
Миллиардтаған қаржы көкпарға бөлінеді, ол шабондаздарға жетпейді. Қырғыздардан ат жоқ деп оңбай жеңіледі. Миллиондаған ақшаны шет ел футболшыларына біздің ел үшін ойна деп береді. Жүрегінде елге деген патриоттық сезімі жоқ футболшы қайдан ойнасын, айтыңдаршы!?
Қаншама ауылдағы мықты жастар спорт мектебі, мәдениет үйі дегенге бармайды. Себебі, ЖОҚ! Отан үшін емес, рейтинг үшін жұмыс істейтін әкімдер салмаған.
«Жастар бұзылған, жастар оңбаған, жастар алқаш, жалқау», — деп сөгеміз! Жоғарыда отырған шенеуніктер рейтинг үшін зауыт ашып, той тойлап, тоймай жеп, түйілгенше, құса жеп жатқан табақбеттерді сөгу керек! Неге тоймайсыңдар деп сұрау керек!
Жастарға ренжудің қажеті жоқ! Сендер тойып секірсеңдер, сендерді көріп өскен ауылдағы жастар ашынғаннан секіріп, өліп жатыр. Суицид бойынша Азия елдерінің арасында бірінші орындамыз, нансоғарлар!
Жастарды тек форум, флешмобта қолдарына жалау ұстатып, қойға ұқсатып былай-былай айдауды доғарыңдар! Ауыл жастарына жағдай жасайық!
Жүрегінде «Қазақ» деген от жанып тұрған жастар спортқа келмей, ұтылғанымыз — ұтылған!
Түрси шығаратын фабрикасы жоқ елдің футбол ойнау не теңі десей!» — деп қынжылыс білдірді жазба авторы.
Оның бұл пікірін оқырмандардың басым бөлігі қолдаған.
Естеріңізде болса, күні кеше ғана футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңі өтіп, ойын нәтижесінде «Астана» футбол клубы нидерландық «Аз Алкмар» командасынан жеңіліп қалған болатын. Дәл осы жағдай футбол жанкүйерлерінің ашуын туғызды.
[:]