[:kz]
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркиядан шығарып, Қазақстанға сатып жатқан шұжықтары туралы «шыжықтарды» жоққа шығарды. Айтуынша, оның «AIDYN NURY ET» деп аталатын өнімдерінен тауықтың жүні табылмаған. Бәсекелестері арандатып отыр-мыс, деп жазды paryz.kz.
Ақын алдымен өзінің шұжық кәсібін бастағанына 2-3 айдай ғана уақыт болғанын алға тартқан. Сұраныс та жаман емес көрінеді.
«Тура мен сияқты «МЕЙРЖАЧНАЯ» шұжықтарының аммбассадоры Мейіржан бауырым бір кездескенімде «Айеке, шұжықтарыңыз қатты өтіп жатыр деп естідім. Енді арасынан қыл-қыбыр шығатын видеолар қаптайды, дайын болыңыз және ол видеолар космостық жылдамдықпен тарайтын болады» деп еді. Сөйтсем, алғаш сата бастағанда оның да шұжықтарынан шаш, тырнақ, жүн «шыққан» екен. Видеоны жылжытсаңыздар, көресіздер. Бәсекелестік қой, қайтеміз енді», — дейді Айнұр Тұрсынбаева.
Сондай-ақ, ол өздерінің оттегі концертратын тасығанда, баспана таратып жатқанда, азық-түлікті тегін таратқанда «жақ ашпаған» журналистердің «жүн шыққан колбасаны сатырлатып салып жатқанына» ренішін білдірген.
«Ерінбей санап шықсам, 22 ақпараттық парақша осы видеоны таратыпты», — дейді айтыскер ақын.
Дегенмен, осы соңғы ақпараттардан кейін оның шұжықтарына тексеріс басталып кеткен екен. «Сапа біз үшін өте маңызды!» деген Тұрсынбаева, бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріне күніне 8-10 тонна шұжық тарайтынын айта кетті.
[:]