[:kz]
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде айтыскердің жас ер азаматпен түскен суреті жарияланып, ол үшінші рет отбасын құрды деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kyn.kz бағдарламасына сілтеме жасап.
Тікелей эфир кезінде бағдарламаға хабарласқан ер адам айтыскерге жеке өміріне қатысты сұрақ қойды.
«Интернетте Айнұр тәтенің бір жігітпен түскен суреті таралып жатыр. Сол жігітке тұрмысқа шығып, Стамбұлда тұрып жатыр деген де ақпарат тарауда. Осы нәрсе қаншалықты рас?» — деп сұрады көреремен.
Айнұр Тұрсынбаева өз кезегінде бұл сұраққа қуанып та, мұңайып та отырғанын жасырмады. Айтуынша, қазақ жігіттеріне мұндай майда сұрақ қою орынсыз дүние.
«Жалпы бұл сұрақ мені қуантып отыр. Яғни менің жеке өмірім көп адамға қызық. Бірақ мені қынжылтатын бірнәрсе бар. Осындай сұрақты әжептәуір ер жігіттің қойып отырғанына қарным ашып отыр. Қазақта «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деген сөз бар. Өзім осы нәрсені көп айтамын. Менің жеке өмірімде керемет жаңалық болса, өзім жар салып айтамын.
Айтпасам, яғни бұл – айтылмауы керек нәрсе. Біз қазір үлкен арнада отырмыз, бағарламаны миллион көрермен тамашалап отыр. Мен үйдегі төсегім мен өсегімді айтатын болсам, менде қандай қадір-қасиет қалады? Бұл арнада, сіздерде қандай қадір қасиеті қалады?» — деп ренжіді айтыскер ақын.
Естеріңізге сала кетсек, Айнұр Тұрсынбаева асханада ұятқа қалғаны туралы айтып күлдірген еді.
[:]