АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Түсінбейді ме деп қорықтым»: Байзаковаға сұхбат берген кимешектегі қыз желіде жұлдыз болды [:]

[:kz]

Қарағандылық 12 жастағы Асылайымды өзінің жерлестері жақсы біледі. Себебі, ол басынан ұлттық нақыштағы бас киімді қысы-жазы тастамайды. Мектеп оқушысы Айжан Байзакованың «SuperBalashow» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

12 жастағы Асылайым үш ұлдың ішінде жалғыз қыз.

Ол Қарағанды қаласындағы мектептердің бірінде білім алуда. Асылайым сұхбат барысында өзі туралы мәліметпен бөлісіп, қазақтың ұлттық төл өнерін, оның ішінде музыкалық аспаптарға кішкентай кезінен қатты қызығатынын айтты. Айтуынша, ол жетіген аспабында ойнап, өзін музыкант ретінде дамытуда. Алайда, оның өзгелерден тағы бір ерекшелігі — оның басындағы бас киімі. Асылайым өзінің ұлттық нақыштағы бас киімін мектепке те киіп барғанын да айтады. Оның ұстаздары белсенді оқушының бұл таңдауына түсіністікпен қарап, жылы лебізін білдірген екен.

«Жабық киіну бүкіл салт-дәстүрімізбен келе жатқан нәрсе деп ойлаймын. Нағыз қыз бала нәзік, өзін жабық ұстайтын қыз болуы керек деп санаймын», — дейді ол. Десе де, бастапқыда ол айналасындағылар оны түсінбей қалады деген қорқыныш та болғанын жасырмайды. Ал былтыр мектепке жабық бас киім киюге (ред. — хиджаб) рұқсат бермеген кезде, ол тіпті басына «парик» кигенін мойындайды. «Басында қорқыныш болатын. Бірақ, ешқайсысы маған қарсылық көрсеткен жоқ. Заң шыққаннан соң шешуге мәжбүр болдым. Қазіргі таңда парик киемін. Мұғалімдер басында ашуланды, бірақ, кейін олар мені түсінді»,- дейді ол.

Асылайымның отбасы үлкен. Үйде әжесі, ата-анасы, үш ағасы және жеңгесі бар екен. Әжесін өте қатты жақсы көреді. Биылғы Рамазан айының бірінші күні бір сайысқа қатысып, әжесіне Умрага тегін жолдама ұтып алған. Ол Қарағанды қаласындағы мектептердің бірінде білім алуда. Асылайым сұхбат барысында өзі туралы мәліметпен бөлісіп, қазақтың ұлттық төл өнерін, оның ішінде музыкалық аспаптарға кішкентай кезінен қатты қызығатынын айтты. Сөзінше, ол жетіген аспабында ойнап, өзін музыкант ретінде дамытуда. Бірақ, өкінішке қарай, көп сайыстарда қатысуға жол бермей, басындағы орамалды шешу туралы талап қояды екен. Ондай талаптан бас тартуға мәжбүр болады. Асылайым болашақта музыка саласындағы білікті маман болғысы келетінін айтады. Одан бөлек, ол дарынды, бірақ қаражатының аздығынан өнерге бет тұра алмай жүрген жандарға қол үшін созатын боламын дейді.

kaz.nur.kz/

 

[:]