АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түсіпбаева: Балаларын тойға шығаратындарды ата-ана құқығынан айыру керек[:]

[:kz]

Әнші Инабат есімді кішкентай қыздың ұстаздары мен ата-анасы қайда қарап отыр, баланың тәрбиесін құртып мал табуға күндері қалды ма?

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде танылған Инабат есімді әнші қыздың ата-анасы мен мұғалімдеріне шүйлікті, деп жазды KYN.KZ.

Әншінің сөзінше баланың балалығын ұрлаған жақындары оны ақша табу үшін түнделетіп тойға сүйреуді қоюы керек. Сондықтан ұстаздар мен бала құқығын қорғаушылар кішкентай әншілерді тәртіпке салмаса, олардың болашағы бірден бұзықтыққа ұласады деп отыр.

«Көптен осы тақырыпты қозғайын деп жүр едим….Көп нәрсе жазғым келеді,бірақ жұрттың,осы ылғи қыстырылып жүреді деген сөзінен де шаршайсың….Тағы бір шегедей ұл бар,ылғи тойда шіңкілдеп ән айтатын,әкесі ертіп жүретін….

 
 

Ол шыққалы 5-6 жыл болды….Түннің бір уағында ,өз балам бесінші түсін көріп жатқанда(кешіріңіздер,лилипут сияқты) әке-шешісіне еріп тойда ән айтатын балаларға аяушылықпен қараймын …..Өйткені анамын….

Сол үшін,аш отырса да-баланың өмірі балалықпен болып өту керек…Тойда ішімдік,ересек адамдардың ортасында мадениетсіз қалжың ,тіпті ұрыс — керіс болуы әбден мүмкін. Кішкентай балаға ылайық орта емес. Балаларды еңбекке жегіп ақша табу заңмен қарастырылатын іс.

Ондай ата- аналарды ата- ана құқығынан айыру керек. Білім департаменті қайда қарап отыр? Мектеп директоры қайда? Ұстаздар,ояныңыздар. Айналайындар -ау, айға қарап жұмыс жасамасаңдар, жылы орындарыңды босатыңыздар ,тезірек! Уақыт келді. Ертең кеш болады.» ,- деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

http://kyn.kz/

[:]