АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Түсіріліміне 2,5 млрд теңге жұмсалған: «Томирис» фильмі 480 млн теңге жинады[:]

[:kz]

Томирис» тарихи фильмі прокаттағы бір ай ішінде 480 миллион теңге жинады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, бастапқыла отандық кинотеатрлар тарихи туындыны күніне 700 рет көрсеткен. Артынша прокат күніне 800 көрсетілімге дейін ұлғайтылыпты. 

«Фильм көрсетліген алғашқы күннен бүгінге дейін шамамен 480 миллион теңге жинады. Бұл ақша біздің киноөнерді дамыту үшін бюджетке түседі. Бүгін таңертең фильмнің режиссері Ақан Сатаевпен сөйлестім. Аталған фильм мемлекетте үлкен қызығушылық тудырғаны үшін өте қуаныштымыз», — дейді мәдениет министрі.

Сондай-ақ, Райымқұлова тарихи туындыны өзге де фильмдермен бірге халықаралық кинофестивальдарда көрсетілуге дайындап жатқандарын айтты. 

«Бұл киноиндустрия үшін алға жасалған қадам болды. Бұған дейін бізді Қазақстанда түсірілетін фильмдер бәсекеге қабілетті емес деп айыптайтын еді. Бүгінгі таңда біз «Томирис» фильмі сияқты жарқын үлгі бар екенін айта аламыз. Ол біздің нарықта кез келген голливудтық туындымен бәсекелесе алады», — дейді Ақтоты Райымқұлова. 

Сонымен қатар министр аталған фильм Қытай, Оңтүстік Корея және Түркиядағы серіктестерді қызықтырып отырғанын жеткізді. Мәдениет министрлігі туындыны шетел тілдеріне аударып, әлем бойынша көрсетуді жоспарлауда.

Еске сала кетсек, «Томирис» фильмінің алдын ала көрсетілімі кезінде «Қазақфильм» президенті Арман Асенов туындыны түсіруге 2,5 миллиард теңге жұмсалғанын айтқан еді. 

 Stan.kz

[:]