АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Тым артық кеттің»: Айсәуле Бақытбектің барахолка қызметкерлерін күлкі қылғаны жұрттың ашуын келтірді[:]

[:kz]

Жұрт Айсәуле Бақытбекті барахолканың қызметкерлерін күлкі қылғаны үшін айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле өзінің youtube арнасында Мұхит Сапарбаймен бірге барахолкаға барып, 20 мың теңгеге киім, бет әрлейтін заттар сатып алған.

«Достар, бұл видеоны салатын уақыт келген сияқты. Мен және досым Мұхит Сапарбай барахолкаға барып екі киім үлгісін сатып алып, тәжірибе жасап көрдік», — деп жазды Айсәуле Бақытбектің өзі.

Қымбаттық, соңғы үлгідегі киім киіп, бағалы косметика қолданып үреніп қалған ару барахолкадағы адамдарға менсінбей қараған көрінеді. Арнайы бағдарлама үшін жасалған бұл әрекетін желідегі жұрт құп көрмеді. 

«Егер жалақың 60 мың болса, қай жерден киінетініңді көрер едім», «Сіз барахолканы осылай мазақ қылады деп ойламаған едім», «Недеген сұмдық, сөйлеу мәнеріңіз де әдепсіз. Қарапайым адамдарды адам орнына санамайтын сияқтысыз», «Тым артық кеттіңіз», «Сөзім жоқ недеген өркөкірексіз», «Косметика сатқан сатушы барын салып, тауарын өткізу үшін түсіндіріп жатса, мазақ етіп тұрғаның не?» — деп жазды жұрт.

Алайда, Айсәуле Бақытбек жағымсыз пікірлерге мән бере қойған жоқ.

 Stan.kz 

 

[:]