[:kz]
Мексиканың Лас-Маргаритас муниципалитетінде жергілікті тұрғында әкімді жол талғамайтын көлікке байлап, қала ішінде сүйреді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарланғандай, жергілікті тұрғындар әкімшілік басшысы Хорхе Эскандонның жұмысына разы болмаған. Жол салып беремін деп уәде еткен шенеунік уәдесінде тұрмаған екен. Қала басшысы тұрғындардың өтінішін елемеген.
Znak басылымының мәліметінше, Хорхе Эскандонды ұрлап әкетуге шамамен 50 адам қатысқан. Артынша 40 полицей әкімді босатуға аттанды.
UNA SU ARRASTRADA. Alcalde de #LasMargaritas, Jorge Luis Escandón Hernández, es sujetado a una camioneta que lo arrastra en pleno parque central, luego de haber sido secuestrado de la propia alcaldía #Chiapas #VideoViral
Тұрғындар мен полиция қызметкерлерінің арасындағы қақтығыс салдарынан 10 адам зардап шекті. Сонымен қатар 11 адам тұтқындалған.
[:]