АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҰБТ-ның 3-ші күнінің қорытындысы жарияланды [:]

[:kz]

 2017 жылдың 22 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 18490 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 17650 (95,4 пайыз) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -13 569, орыс тілінде — 4081 адам. ҰБТ 58 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Сонымен қатар, тәртіп бұзғаны үшін 3 адамның аудиториядан шығарылғаны ал олардың жауаптары жойылғаны айтылады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінде 16071 тыйым салынған заттар алыныпты. Орташа балл — 79,20. Биыл ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69209 — қазақ тілінде және 23618 — орыс тілінде.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ubt-nyin-3-sh-kunnn-koryityindyisyi-jariyalandyi-281451/

[:]