АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]UFC: Агапова «колумбиялық патшайымды» жеңді [:]

[:kz]

 

Қазақстандық спортшы қыз Мария Агапова (9-2) Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен Fight Night 194 турнирі аясында UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Sports.kz. Агапованың бұл жолғы қарсыласы «колумбиялық патшайым» лақап аты бар Сабина Масо (9-2) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген және үшінші раундта Агапованың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Мария Агапова кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, ал Сабина Масо өз мансабындағы үшінші жеңіліске ұшырады. Агапова үшін бұл жеңіс UFC-дегі екінші жеңіс болды.

Жалпы алғанда, қазақстандық ең ірі промоушнде үш жекпе-жек өткізді – бұған дейін ол америкалық Ханна Сайферсті (10-7) жеңді, содан кейін АҚШ-тың тағы бір өкілі Шейно Добсонмен (4-5) жекпе-жекке шығып, жеңілген болатын.

kaz.nur.kz

[:]