АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Үй бар, от бар, жылу жоқ»: Дәурен Айдарқұлов көңіл-күйінен сыр шертті[:]

[:kz]

Актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұлов жақында жары Ақботамен айырылысып кетті. Олардың екі жаққа кетуіне не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен жанкүйерлері алаңдаулы. 

Әнші де, актер де ажырасу себебін айтудан бас тартты. Бұл тақырыпта мүлде сөз қозғамайтындарын айтқан еді. 

 

Айдарқұлов тікелей эфирде ажырасуға әйелінің себеп болғанын астарлап жеткізіп көрді. Олардан қайта қосылуын тілеп, табысуға үгіттеп жатқан ел көп. Кейбірі іәзілкешке бірінші отбасына баруға кеңес айтты. 

Ақбота-Нұр желіде әсерлі өлең шумақтарын жариялады. Махаббаттан сыр шертететін өлең жолдары әншінің өз сезімінен хабар беріп тұрғандай.

Дәурен желідегі парақшасына өз көңіл-күйіне байланысты жазба қалдырды. 

«Үй бар. От бар. Жылу жоқ», — деп жазды ол. 

Оған желідегі оқырмандары қолдау білдіріп жатыр.

«Айтарым, бала белде, қатын жолда, көтер кәне басыңды, қалай бұның, мұз болып еріп кеткенбе бар айбының», «Екі әйел алып нең бар еді», «Бәрі уақытша…сабыр…бір Алладан…және өзіңнен», «Жаны жараланып тұрса одан сайын айыптағаннан не табылады. Ол да пенде, періште емес. Дәуренді кінәлау арқылы, табалап ұпай жинаймыз ба? Алла солай қалады. Дәл солай болуын. Сондықтан әр істе қайыр бар. Біз білмейміз бірақ Алла білуші, жүректің ішіндегіні білуші. Бәрі жақсы болады», — деп жазды олар.

  1. Stan.kz ақпарат агенттігі 

[:]