АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Үй күшік сияқтымын». Тоқтар Серіковке жары Бейбіт неге ренжіп жүр? [:]

[:kz]

Өмірде жұптары жарасқан Тоқтар мен Бейбіт өнерде де қол ұстасқан ғашықтар. Төрт ұлдың анасы неге ренішті?

Танымал әнші Тоқтар Серіков жалындаған жастық шағы мен қазіргі таңдағы өзін салыстырып айтып берді. «Ай-хай25″ деп әндеткен шағындағы Тоқтардың энергиясы таусылған» дейді әнші. Ол өзі жайында Хабар анасындағы «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында бүкпесіз айтып берді. Көршінің қызын әнге қосып, дүйім жұрттың ықыласына бөлеген Тоқтар Серіков жас кезіндегі өнерге деген құштарлықтың арқасында, күндіз-түні еңбек еткен.

Алыстан қол сермеген достың да, дұшпанның да жанынан табыла кететін ол әке атанып, отағасы болғаннан соң бүгінде ол әдеттер қалған дейді. «Мен бұрын 25 жасыма дейін, күн не, түн не білмейтінмін. Сағатқа да қарамайтынмын. Кім шақырып тұр оған да қарамайтынмын. Мұқағали атам айтқандай, «Ит құйрығын бұлғаса — еріп кетем» деп…

Кім қолын бұлғаса еріп кетем. Ол жат па, туыс па, дос па қарамаймын, барлығы маған бірдей көрінетін. Сол кездегі уақытым қалай жетті, білмеймін. Не деген шаршамайтын энергия десейші. Жастық қой енді. Көліктің ішінде қона салу деген көп болды…

Денсаулығыма әсер етті. Уақытты жоғалтпаймын деп жүріп, денсаулығымды жоғалтып алдым. Ал, қазір үйкүшік сияқтымын. Не істесем де үйге кеткім келіп тұрады. Үйге барып бала-шағаның қасында… ҮЙДЕ МАГНИТІМ БАР. Кішкентайым, төртіншісі.

Кірсем болды ерекше баурап, сол мені тартады, жібермейді»,- дейді әнші. Қолы қалт етсе үйге қарай қашатын әншінің демалу уақыты көбейген. Ал, көп уақытының көп бөлігін үйде өткізетін отағасына жары Бейбіт ханым ренжиді екен. «Үйде көп болатыныма Бейбіт ренжиді кейде. «Тоқтар сен бұрынғыдай жұмысты қойдың, Жанталасушы едің, қазір жанталаспайсың. Жан-жаққа шығып достарыңа да бармайсың» дейді, — деп жарының өзіне деген ренішін де жасырмай айтты. Дегенмен де, бұл жалқаулық емес деп ақталады әнші.

Тек келіншегінің жайлылығы мен балаларының қасында көбірек уақыт өткізгісі келетінін меңзеген. Айта кетейік, қол ұстасқан жұлдызды жұп төрт атұстардың ата-анасы. 

 

 
ERNUR.KZ 

 

[:]