АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Үйі өртеніп, 3 баласымен далада қалған алматылық дәрігер көпшіліктен көмек сұрайды[:]

[:kz]

 

Алматы қаласының Түрксіб ауданында жеке сектордағы екі қабатты тұрғын үй отқа оранды. Оқыс жағдай өткен жексенбіде болған. Виктор есімді үй иесінің 3 баласы бар. Абырой болғанда, бәрі дін аман, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.   Виктор Чжен – бір күнде үй-жайсыз қалғанына әлі сене алар емес. Өрт үйдің ас бөлмесінен басталған. Кейіннен қызыл жалын үдей түсіп, екінші қабатты да шарпыған. Екі қабатты мансардалы тұрғын үйдің сау тамтығы қалмаған. Арада 5 күн уақыт өткеніне қарамастан, мұндағы өрттен қалған күлдің иісі қолқаны қабады. Үй иесінің айтуынша, қызыл жалын дәл осы жерде тұрған тоңазытқыштан шығуы мүмкін. Сымдардың қысқа тұйықталуынан болды ма деп топшылайды ол.  

3 баланың әкесі қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында физиотерапевт дәрігер болып жұмыс істейді.                  «Қазір туған бауырымның үйінде тұрып жатырмын. Өрттен келген шығынды өзім есептегенмін. Үйді қайта қалпына келтіру үшін шамамен 15 миллион теңге қажет болады. 3 баласы бар, қарапайым дәрігер үшін бұл өте қомақты ақша», — дейді Түрксіб ауданының тұрғыны Виктор Чжен.  Болған жайттан Түрксіб ауданың әкімдігі хабардар.

Сала мамандарының сөзінше, қазір қажетті құжаттар қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жолданған. Оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін сараптама жұмыстары басталған. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін, шығын көлемі есептелетінін айтты.   «Зардап шеккен тұрғыннан арыз келіп түсті. Қазір біздің тарапымыздан үйдегі қоқыстарды тазарту мақсатында арнайы көлік құралдарын бөлу қарастырылып жатыр. Сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін қолданыстағы ережеге сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай көмек берілетін болады», – деді Түрксіб ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әнуар Мұсаев.  

Жағдайды естіген аудан тұрғындары, отбасының жақын-туыстары және әріптестері барынша көмек қолын созуда. Азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттарды әкеліп жатыр.

Айта кетейік, тілсіз жаудан зардап шеккен үй иесі көпшіліктен көмек сұрайды.

Жаны жайсаң жандар болса, +7 777 364 6334 нөміріне хабарласуына болады.

/kaz.nur.kz

 

[:]