АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үйіне барғанда бір-ақ білді: Ер адам балабақшадан өзгенің баласын әкеткен[:]

[:kz]

Коми республикасының тұрғын өзгенің қызын өз қызымен шатастырып, үйіне әкетті.

Өмірде анекдоттағыдай оқиғалар болып жатады. Оқиға Жешар кентінде болды. Ер адам балабақша ауласынан өзгенің баласын көлігіне отырғызып, үйіне алып кеткен. Ол жол бойында өзінің баласы емес екенін білмеген. Тек үйіне барғанда ғана белгілі болды. 

Бұл уақытта балабақша меңгерушісі полицияға хабарласып үлгерген. Ер адам өзгенің қызын балабақшаға қайта апарып, тәрбиешілерге тапсырады. 

Коми Республикасы бойынша РФ ІІМ-нің мәліметінше, ер адам сау күйде болған. Құқық қорғау органында оған қарсы ешқандай шағым болмаған. 

stan.kz

[:]