Новости Казахстана[:kz]Үйіне Bek Air ұшағы құлаған азамат қазақстандықтарға үндеу жасады[:] 30.12.2019 [:kz] Алматы маңында Bek Air ұшағы құлаған үйдің иесі Решет Қалибек қазақстандықтарға үндеу жасап, ешкімнен ештеңе сұрамайтынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZTengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Үйіне Fokker 100 ұшағы құлаған ер адам қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Решет Қалибек мұндай жағдай болады деп мүлдем ойламапты. «Содан бері күйзеліс үстінде жүрдім. Өтемақы, ақша туралы ойлайтын уақыт та болған жоқ. Мен әуелі өтемақысын бірінші ойлайтын адам болсам қалада барлық органға жүгініп, заңгер жалдап шапқылап жүрер едім. Бірақ мен ештеңе де істемедім», — деді үйдің егесі. Ал апат болған кезде үйінің үстіне ұшақ құлағанын бірінші болып 27 желтоқсанда таңғы уақытта көршісі хабар берген. Решет Қалибек үйдің ендігі тағдыры қалай боларын тіпті ойламағанын да айтып отыр. «Шынымды айтсам, ойлағаным да жоқ. Қазір оған мұрша да жоқ, батылымыз бармайды. Ол жақта дым болмағандай тұра беретіндей жүрексіз емеспіз. Тіпті «үйіңе кел, есептейміз, қол қоясың» дегеніне де барғаным жоқ», — дейді ол. Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған. Бүгін Bek Air әуе компаниясы брифинг ұйымдастырып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады. Сондай-ақ компания басшысы ұшақ үйге соғылмаған кезде бәрі аман болар еді деген пікірін айтты. [:]
Үйіне Fokker 100 ұшағы құлаған ер адам қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Решет Қалибек мұндай жағдай болады деп мүлдем ойламапты. «Содан бері күйзеліс үстінде жүрдім. Өтемақы, ақша туралы ойлайтын уақыт та болған жоқ. Мен әуелі өтемақысын бірінші ойлайтын адам болсам қалада барлық органға жүгініп, заңгер жалдап шапқылап жүрер едім. Бірақ мен ештеңе де істемедім», — деді үйдің егесі. Ал апат болған кезде үйінің үстіне ұшақ құлағанын бірінші болып 27 желтоқсанда таңғы уақытта көршісі хабар берген. Решет Қалибек үйдің ендігі тағдыры қалай боларын тіпті ойламағанын да айтып отыр. «Шынымды айтсам, ойлағаным да жоқ. Қазір оған мұрша да жоқ, батылымыз бармайды. Ол жақта дым болмағандай тұра беретіндей жүрексіз емеспіз. Тіпті «үйіңе кел, есептейміз, қол қоясың» дегеніне де барғаным жоқ», — дейді ол. Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған. Бүгін Bek Air әуе компаниясы брифинг ұйымдастырып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады. Сондай-ақ компания басшысы ұшақ үйге соғылмаған кезде бәрі аман болар еді деген пікірін айтты.