АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үйсіз жүрген азаматтың атыраулық тұрғынмен кездескен соң өмірі бір сәтте өзгерді[:]

[:kz]

 

Атырауда қайыр тілеуге мәжбүр болған Анатолий Жбановтың қала тұрғыны Марат Бисембаевпен кездескен соң өмірі өзгерген. Ол Анатолийдің қасынан жай ғана өтіп кетпей, оның тағдырына зер салуды ұйғарған деп жазады «Ақ Жайық».

Анатолий Жбанов 18 жыл бойы балық базасында күзетшісі болып жұмыс істеп, сол жерді мекен еткен екен. Алайда өткен жылы жұмысынан айырылып қалған.

Зейнеткерлік жасқа қараған шағында басқа барар жері болмаған соң қайыр сұрай бастаған. Екі аптадан кейін Марат Бисембаевты кезіктірген.

«Сырт келбеті маскүнемге, өмір бойы ішкілікке салынып кеткен адамға ұқсамайды. Осындай күйге түсетіндей өмірінде не болды екен деп ойлап, өзінен сұрадым. Жалғыз екенін, жұмыссыз, баспанасыз қалғанын білдім. Үйімнің ауласындағы времянкама тұр дедім. Ішінде газы, жарығы, суы бар. Ол ыңғайсызданып, оған төлеуге ақшасы жоқ екенін айтты. Мен оған ақшасы керек емес, өзіміз не ішсек, соны бөлісетінімді айттым. Сөйтіп ол келісті. Содан бері бізде тұрып жатыр. Мен оны жұмысқа жекпеймін, ештеңе жасауға мәжбүрлемеймін. Жай ғана менің бос тұрған времянкамда тұрып жатыр», – дейді Марат Бисембаев. 

Белгілі болғандай бірнеше жыл бұрын Анатолийдің екі қызы, содан соң әйелі қайтыс болған. Ұлы бөлек тұрады, әкесін сирек көретін көрінеді. Анатолийдің өзі 1958 жылы Құрманғазы ауданының Ганюшкино ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Гурьевке көшіп келіп, шаңырақ көтерген. 2002 жылы жер үй алмақ болып, пәтерін сатқан.

Ақыр аяғында баспанасыз, құжатсыз қалған. Қолында тек КСРО азаматы паспорты ғана бар. 14 наурызда Анатолий 63-ке толады. Бірақ бұл құжатпен зейнетақы рәсімдей алмайды. Ол биылғы қаңтардан бастап Атырау облыстық полиция департаментінің көші-қон басқармасының, облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының және қалалық мемлекеттік мұрағаттың табалдырығын тоздырған. Айтуынша, көші-қон басқармасы оны қалалық мұрағатқа, қалалық мұрағат ХҚКО-на, ХҚКО қайтадан қалалық мұрағатқа сілтейді екен. Оларға туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, әскери билет және т.б. керек. Ал Анатолийде мұның бірі жоқ.

Анатолийдің өздігімен жүруі де қиындаған, 20 жылдан бері таяқпен жүреді. Белінде жарық пайда болып, содан бері аяғын ақсаңдап басады. Құжаттары болмаған соң мүгедектік мәртебесін де рәсімдей алмаған. Марат Бисембаев оған қазір зейнетақы рәсімдеуге ғана емес, емделуіне де көмегім тисе екен дейді. Айта кету керек, теледидар, радио немесе тоңазытқышты жөндеу секілді жұмыстар Анатолийдің қолынан келеді.

«Қол қусырып қарап отыра алмаймын, ұсақ-түйек шаруалар жасағым келіп тұрады», – дейді ол.

Оның сөзінше, егер Марат Бисембаев болмағанда, қайда барып, әрі қарай қалай өмір сүретінін білмес еді. А

kaz.nur.kz

 

[:]