[:kz]
Украина қарулы күштері Лиманға жетті, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.
Луганск облысындағы әскери-азаматтық әкімшіліктің жетекшісі Сергей Гайдайдың хабарлауынша, Лиман маңындағы өзекте 5000-нан астам Ресей жауынгері құрсауға түскен. Олар өз командирлеріне шегіну қажет екендігін айтқан, бірақ бұл ұсыныстары қабылданбаған.
Осыдан бірнеше күн бұрын батыс сарапшылары Украина қарулы күштері үшін Донецк облысындағы Лиманды қоршау аса маңызды екендігін болжаған еді. Бұл әрекет арқылы украиналықтар басқыншылардың жолын жауып, Северодонецка-Лисичанск ауданын азат етуді көздеген.
«Униiан» порталының хабарлауынша, қазір украин жауынгерлері қару кезеніп, жүретін жолды өз бақылауында ұстап отыр.
«Азат етушілер жолды торып, атыс жүргізуге дайын отыр. Бұдан Ресей әскерінің сытылып шығуы екіталай», — деп жазды агенттік.
[:]