АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]«Украинаның 4 облысына әуе шабуылы жасалды» — Зеленский (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Украина президенті Владимир Зеленский Львов, Сумск, Черниговск, Луганск облыстарына әуе шабуылы жасалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

 

«Мен мемлекетімізді барлық деңгейде қолдап, Ресейге барлық жағынан қысым көрсету үшін мүмкіндігінше Украинаға үлкен халықаралық аудиторияны жинай беремін. Бізге керегі –  ақпараттық, дипломатиялық және мәдени қолдау», – деді Зеленкий.

Украинаның Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, солтүстіктегі Десна ауылына түскен зымыраннан 8 адам жан тапсырып, 12 азамат ауыр жарақат алған. Донецк облысында 7 бейбіт тұрғын қаза болды. Әуе соққысы салдарынан 5 қабатты үй опырылып түскен. Қазір жергілікті халық үйінді астында қалғандарды шығарып жатыр. Олардың арасында кішкентай балалар да бар.

[:]