АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ұлттық гвардия жауынгерлері балшыққа батып кете жаздаған ботаны құтқарды (видео)[:]

[:kz]

 

Қарашаның бірінде Ақтау қаласының жанында ұлттық гвардия жауынгерлері балшыққа толы терең шұңқырға батып кете жаздаған ботаны құтқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға ҚР Ұлттық гвардиясының 6656 РгК «Батыс» деген әскери оқыту орталығының жанына орын алды. Жануардың қиын жағдайға тап болғанын байқаған иесі бірден көмекке ұмтылған. Оның көмекке шақырған айғайын оқу полигонында атыс даярлығынан бақылау тапсырып жүрген 3502 әскери бөлімінің жауынгерлері естіп, жанына жүгіріп келіпті. 

Жауынгерлер келгенде ботаның денесі мойнына дейін балшыққа батып кеткен. Жауынгерлер оған арқан байлап, батпақтан ақырын шығарып алды.

Ботаның иесі ұлттық гвардияның жауынгерлерімен бірге ботаны батпақтан шығарды. Оны құтқару жұмысы екі минутқа созылды. Бірнеше минуттан кейін жануар аяғына тұрды», — деп жазылды хабарламада.

Бота иесі жауынгерлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. 

[:]