АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҮМІТКЕРЛЕР ТЕМІР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ[:]

[:kz]

«Есіктен-есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Сейтжанов және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дәурен Ақсақалов, аудандық партия филиалының сайлауалды штаб төрағасы Абай Құрман Темір ауылына барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырған кандидаттар ауылдың экономикалық белсенділігін арттыру мен ахуалын жақсартуға бағытталған бағдарламаның ұтымды жақтарын сөз етті.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдап, осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғастырады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізетін болады.
Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-тілектері тыңдап, саяси додада Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды.

[:]