АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«Үшеуің сәләфсіңдер»: Желіде имамға бағынбаған сақалдылар туралы ВИДЕО тарады[:]

[:kz]

 

Жаратушыға сыйынуға келіп тұрып, жанжалға келген топтың саяси қаупі жайлы айту керек деп ойлаймын

Әлеуметтік желіде намазға сапқа тұрған әлдебір сақалдыларға имамның ұрсып жатқан видеосы тарады. Мешітте намаз оқу барысында имамға бағынбау өте қауіпті сигнал, деп жазды қоғам белсендісі. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.

Қоғам белсендісі Асхат Қасенғали былай деп ой түйды. 

«Әлемде діни және этникалық қақтығыстар орын алса, оны тоқтату өте қиын. Тіпті мүмкін емес. Көп жағдайда ол ұзақ жылдарға, тіпті ғасырларға созылған қантөгістерге ұласады. Сондықтан бұл екі қақтығыстың алдын алу аса маңызды. Мемлекеттің тыныштығы мен амандығы үшін.

Желіде мына видео тарап жатыр. Түсінгенім мешітте намаз оқу барысында имамға бағынбаған сынды. Бұл өте қауіпті сигнал. «Діни жоралғыны кім қалай жасады, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, кім намазда қате тұрды, кім тыйым салынған әрекет жасады» дегенді діни мамандар айта жатар. Бұл жерде қай ағымның дұрыс я бұрысын анықтау үшін емес, бұл жерде бір мешітке Жаратушыға сыйынуға келіп тұрып, жанжалға келген топтың саяси қаупі жайлы айту керек деп ойлаймын.

Дәл осындай түрлі діни алауыздықтар, алдымен бір-бірін сыйламау, артынша ерегесу, балағаттау, жауласудың соңы әлемде талай елді аттан аударып, тақтан құлатып тастады. Сыртқы күш тек дайын жерге, жанайын деп тұрған қоғамның шырпысын тұтата салaды. Бітті. Өз өзін аямаған, өз өзін түсінбеген, өз өзін сыйламаған, өз өзін құрметтемеген, өзара ырылдасып жатқанды өзге аясын ба?! Аямайды. Сондықтан мына видеоны көріп, ойланып қалдым. Күштік құрылымдар, мемлекет пен ішкі саясат, діни басқармалар бақылауды күшейту керек екен. ҚМДБ әр имамның қандай бағытты насихаттап, уағыз айтып жүргенін жақсы білетін шығар деген үміттемін. Тек қана ҚМДБ емес, басқа дін өкілдерінің де не айтып, не насихаттап жатқанын қарап отыру маңызды. Ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік қауіпсіздік, тәуелсіздікті шайқалтатын кез келген әрекет ( сепаратизм, діни экстремизм) оны іске асырмастан бұрын тоқтатылуы тиіс», деді ол өз жазбасында. 

 

[:]